03.06.2026
'Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ
Бүгін 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде көтеріңкі көңіл күйде өтті. Мерекеге мектеп оқушылары мен ауыл балалары қатысып ерекше әсерге бөленді. Бағдарлама барысында балалар ән айтып, би биледі, флешмобқа қатысты, түрлі ойындар мен эстафеталық жарыстарда өз бақтарын сынады. Іс-шараның басты мақсаты балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бақытты балалық шақтың маңызын насихаттау болды. Мереке барысында балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері ерекше атмосфера қалыптастырды. Ұйымдастырылған спорттық ойындар мен шығармашылық шаралар көпшіліктің көңілінен шықты. Соңынан жеңімпаздар марапатталып, тәттілер таратылды Балалар тамаша көңіл күйде тарады. Тәттілер әперіп демеушілік көрсткен жаны жомарт жандарға алғысымыз шексіз. Еңбектері әрдайым жемісті болсып , берген көмектері еселеніп қайтсын демекпіз!
Жүргізген: ТІО Боканова Айнагуль Сматайқызы
