21.05.2026
'Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ
2026 жылғы 15 мамыр мектебімізде "Қауіпсіздік жазғы демалыс" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты-жазғы демалыс кезінде оқушылардың өмір Қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізу болды. Жиналысқа учаскелік полиция инспекторы Дәурен Еламанұлы қатысып, ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта балалардың заңды өкілінсіз жүрмеуі, жол қозғалысы ережелерін сақтап, интернет қауіпсіздігі және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және жаз мезгілде сақтық шаралары жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Жүргізген: ДТІО Боканов Айнагуль Сматаевна.
