22.04.2026
'Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ
Аудандық байқау Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттайтын Абай оқулары мен қара сөздерін жүрекке жеткізіп, көпшілік алдындв жеткізе білу ол үлкен өнер әрі жауапкершілік. Осы сайысқа бастауыш сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін сынап келді. 1-сынып оқушысы Жамбыл Аяулым 3-орын, жетекшісі: Сагинбаева Гүлмира Амантаевна, 2-сынып оқушысы Калаков Бекдияр 2-орын, жетекшісі: Тілеуова Орынша Қасымханқызы, 3-сынып оқушысы Ержанқызы Зере 2-орын, жетекшісі: Тілеуова Орынша Қасымханқызы, 4-сынып оқушылары: Уалихан Балауса 1-орын, Жамбыл Даниал, 1-орын,Талапбек Шығыс 3-орын, жетекшісі: Жумабекова Нургайша Кабыкеновна және Абай клубының жетекшісі: Хамитова Ляззат Аманбаевнаның бастауымен осындай жүлделі орындарға ие болды. Бұл жетістік сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіздің айқын дәлелі деп білеміз! Біздерге талай осындай биік белестерге жетіп, шалқар шабыт және толағай табыстар тілейміз!

