АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "КҮНШАЛҒАН АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУНШАЛГАН" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кезектен тыс ата-аналар жиналысының хаттамасы

12.02.2026

         Кезектен тыс ата-аналар жиналысының хаттамасы

Мектеп: «Күншалған ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ
Күні: 11.02.2026 жыл
Қатысқандар: 13 ата-ана

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Оқушылардың мектепке суық қару алып келуінің алдын алу шаралары.
  2. Қауіпсіздік талаптарын сақтау және ата-аналардың жауапкершілігі.
  3. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша тәрбие ісінің орынбасары Боканова А.С сөз сөйледі.
Ол қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәселесі өзекті екенін атап өтті. Мектепке және қоғамдық орындарға суық қару алып келуге қатаң тыйым салынатынын ескертті.  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығына сәйкес тыйым салынған заттарды пайдаланбау туралы түсініктеме берілді.                                                                                                                                            Суық қаруларға жататын заттар атап өтілді:

  • Пышақтар (ас үй пышағы, жиналмалы пышақ, аңшылық пышақ);
  • Қанжар;
  • Бұрауыш, біз сияқты үшкір және жарақат салуға бейім құралдар;
  • Балта;
  • Темір таяқша;
  • Өзге де дене жарақатын салуға арналған үшкір немесе соққы беретін заттар.

Ата-аналарға балалардың сөмкесін бақылап отыру, қауіпті заттарды алып жүрмеуін қадағалау, балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.

   Сөйлегендер:

Ата-аналар тарапынан қауіпсіздік шараларын күшейту, мектеп ішінде бақылауды арттыру және балалармен жүйелі түрде профилактикалық әңгімелер өткізу туралы ұсыныстар айтылды.

Профилактикалық шаралар ретінде:

  • Сынып сағаттарында қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні;
  • Психолог тарапынан тренингтер өткізілетіні;
  • Ата-аналармен тұрақты байланыс орнатылатыны хабарланды.
  • Мектепте бақылауды күшейту;
  • Балаларға құқықтық сауаттылық сабақтарын көбейту;
  • Ортақ ата-аналар чатында түсіндіру материалдарын жіберіп отыру туралы ұсыныстар айтылды.

Ауа-райына байланысты көпшілік ата-аналар келе алмаған соң, олармен онлайын түрде тағы қайталап жиналыс өткізілді.

Қаулы етілді:

  1. Оқушылардың мектепке суық қару және басқа да қауіпті заттарды алып келуіне жол бермеу мақсатында ата-аналар тарапынан тұрақты бақылау жүргізілсін.
  2. Әр ата-ана өз баласымен қауіпсіздік талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізсін.
  3. Сынып жетекшісі тарапынан профилактикалық әңгімелер ұйымдастырылып отырсын.
  4. Қауіпсіздік талаптарын бұзу жағдайлары анықталған жағдайда мектеп әкімшілігіне дереу хабарлансын.

Жиналысты жүргізген: ТІО Боканова А.С


 

Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст