АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "КҮНШАЛҒАН АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУНШАЛГАН" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады.

05.02.2026

'Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ 

Құрметті әріптестер!

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады.
Жоба азаматтардың, саяси партиялардың, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өткен кең ауқымды қоғамдық талқылаулардың қорытындысы бойынша әзірленді. Барлығы 2 мыңнан астам ұсыныс қаралып, қолданыстағы Конституция мәтінінің шамамен 84%-ына өзгерістер енгізілді.
📌 Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссиямен жарияланды. Құжат азаматтардан, партиялардан, ұйымдардан және сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау, сондай-ақ ашық қоғамдық талқылаулар негізінде әзірленді.
📌 Реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды, оның ішінде бірпалаталы Парламент құру мақсаты көзделген.
📌 Жоба бойынша жұмыс шамамен жарты жылға созылды: ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы қабылданып, 2 000-нан астам өтініш қаралды.
📌 Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына әртүрлі әлеуметтік топтар мен өңірлерден 130 өкіл кірді, комиссияға Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова жетекшілік етеді.
📌 Жоба төмендегі тұжырымдамалық өзгерістерді көздейді:
мемлекеттің адамға бағдарлануын күшейту;
адам құқықтары мен бостандықтарын негізгі басымдық ретінде бекіту;
бірлік, ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту;
елдің егемендігін, тәуелсіздігін, унитарлығын және аумақтық тұтастығын сақтау;
Әділеттілік, Заң және Тәртіп қағидаттарын, табиғатқа ұқыпты қарауды бекіту.
📌 Жобаның негізгі идеялары:
білім, ғылым, мәдениет және инновациялар мемлекетті дамытудың басты бағыттары ретінде айқындалды;
алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормалары енгізіледі;
азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер күшейтіледі (кінәсіздік презумпциясы, жағдайды нашарлататын заңдардың кері күшіне тыйым салу, «Миранда қағидасы» және т.б.).
📌 Жобаның құрылымы: алғаш рет Кіріспе (Преамбула), 11 бөлім және 95 бапты бекіту ұсынылып отыр.
📌 Ұсыныстарды жинау e-Otinish және eGov порталдары арқылы жалғасуда, одан кейін түпкілікті шешім азаматтар тарапынан жалпыұлттық референдумда қабылданады. 

  

Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст