Текст
26.01.2026
'Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ
Бүгін біз "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- МАТЕМАТИКА" апталығының сәтті аяқталуының куәсі болып отырмыз! Осы апталық барысында мазмұнды іс-шаралар өтіп, тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен тың ойлар ортаға салынды. Бұл бірлестік ұйымының
Шығармашылығы мен ұйымшылдығының нәтижесі байқалды. Апта бойы ашық сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, көңілді үзілістер, түрлі сайыстар ұйымдастырылған. Әрбір өткізілген іс-шаралар оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын оята білді. Ұйымдастыру жұмысына атсалысқан, өз уақытын, білімін, тәжірибесін аямаған ұстаздарға алғысымыз шексіз! Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!!
