Текст
19.01.2026
'Ақмола облысы Ерейментау ауданы Күншалған ауылының ЖОББ мектебі"КММ
"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП " тақырыбында участковый полиция инспекторы оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізуді. Кездесудің негізгі мақсаты- оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыру. Әңгіме барысында участковый кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері және қылмыстық жауапкершілік туралы мәліметтер берді. Сонымен қатар көшеде, қоғамдық орындарда, және интернет кеңістігінде өзін дұрыс ұстау туралы ережелер түсіндірілді. Кездесу тәрбиелік мәні жоғары, пайдалы әрі мазмұнды өтті.
