" />
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "КҮНШАЛҒАН АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА КУНШАЛГАН" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24 қараша – Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл

24.11.2025

24 қараша– Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Бегалиннің(1895-1983 ж.) туғанына 130 жыл. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылында дүние есігін ашты.

1915 жылы Семейдегі орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметте, сондай-ақ «Темір жолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді.

Алғашқы өлеңі «Қазақ боз балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналында жарияланды. «Қыран кегі», «Сырлы қайнар» сынды поэтикалық шығармаларымен қатар, «Сәтжан», «Жеткіншектер», «Шоқана сулары», «Қыран туралы аңыз» сынды балалар мен жасөспірімдерге арналған повестері бар. «Замана белестері» атты романы жарық көрген.Ол халық ақындарының шығармаларын жинап, «Халық ақындары», «Өмір жыры» жинақтарын құрастырды, Жамбыл Жабаевтуралы монография жазды.

Еңбегі үшін Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст